Павлодар – Түркістан жаңа авиарейсі ашылды

Павлодар – Түркістан жаңа авиарейсі ашылды

Павлодардан Түркістанға ұшу аптасына үш рет орындалады.

 

Жаңа бағыт 21 шілдеде іске қосылып, қызметті «Scat» авиакомпаниясы ұсынады. Екі өңірді қосатын Павлодар – Түркістан тікелей әуе қатынасы әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі орындалмақ. Ұшу 1 сағат 40 минутқа созылады. Бұл бағыттағы билеттің нақты бағасы бекітіліп, 25 мың теңгені құрайды. Билеттерді Павлодар әуе кассаларында, немесе онлайн қызметтер арқылы сатып алуға болады.

 

Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы