Ержан Салханов Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды

Ержан Салханов Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды

Ержан Салханов 1984 жылы Павлодарда дүниеге келген. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы», ал 2009 жылы «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.

 

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодардағы ақпараттандыру және тестілеу орталығында оператор қызметінен бастаған. Сол жылы ол Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы қызметіне қабылданды.

 

2009 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің астаналық электр энергетикасы мен көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы қызметіне тағайындалды. 2010 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ауысқаннан кейін, онда 2014 жылға дейін жұмыс істеп, қызметі энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаменті жанындағы энергия тиімділігі дирекциясының басшысына дейін өсті.

 

2014 жылы ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты Энергетика комитетінің хатшылығына сарапшылық қызметке ауысты. Сол жылы ол «Самұрық – Жасыл энергия» ЖШС-нің жаңартылатын энергия көздерін дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2015 жылдан бастап ол квазимемлекеттік және жеке сектордың түрлі құрылымдарында жұмыс істеді – «Самұрық-Энерго» АҚ, «Qaz Appartment Service Company» ЖШС, «Қазақстандық электр және энергия нарығының операторы» АҚ.

 

2019 жылы ол Павлодарға оралып, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтың суреті