Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы.
Құрметті жерлестер!
 
Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің елтаңбамыз, туымыз және әнұранымыз қазақстандықтардың басты құндылықтарын сипаттайды. Біз ұйымшыл, тәуелсіз және үлкен мақсаттарға ұмтылған халықпыз. Терең мағынаға ие бола отырып, мемлекеттік рәміздер күн сайын отандастарымыз үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін нығайтады.
 
Бүгінгі мереке ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ерекше орын алады. Өткен үш онжылдықтың тарихына тоқтала отырып, біз республикамыздың өткен жолын, одан алған сабақтар мен қол жеткізген жетістіктерді қайта пайымдаймыз. Жетістіктер көп. Алда, одан да көп болатынына сенімдімін.
 
Мерекелеріңізбен! Елтаңбамыз, туымыз бен әнұранымыз сипаттайтын құндылықтар мызғымас болсын. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін!