Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шын мәнінде бәріміз үшін ең маңызды әрі ұлы мереке. Қасиетті 9 мамыр күні – бұл тұтас дәуір және миллиондаған адамдар тағдыры. Әр отбасыда осы сұрапыл, ұзаққа созылған, ауыр, бірақ жеңіспен аяқталған соғысқа қатысқан әке-ана, ата-әже бар.

Қаншама жылдар өтсе де, 1945 жылғы Жеңіс – бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке болып қала береді. Біз ата-бабаларымыздың алдында басымызды иіп, қазіргі тарихта теңдесі жоқ ерліктері үшін оларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Майданда соғысып, тылда еңбек еткендердің ерлігі, рух күші мен Отанға деген адалдығы шексіз. Біздің қасиетті парызымыз – жеңістің қандай бағамен келгенін есте сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Біздің міндетіміз – осы күнге дейін жеткен Батырларға құрмет көрсету. Павлодар облысында бүгінгі күні 37 соғыс ардагері бар, олардың шаңырақтарында әрқашан мереке болсын. Қадірлі ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілеймін!

Ұлы Отан соғысының батырларына мәңгілік даңқ! Өмірден өткен ардагерлер біздің жадымызда мәңгі қалады!