Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер! Құрметті Отан қорғаушылар!


Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын!


Әскери қызметші – бұл ерліктің, рух табандылығы мен Отанға деген адалдықтың бейнесі. Елімізде тұрақтылықты қамтамасыз етуде және оның әрбір тұрғынын қорғауда біз әскери формадағы адамдарға сенеміз. Әскери қызметшілер өз отандастарының қауіпсіздігін жыл бойы және тәулік бойы күзетуде. Олар Отанға қызмет ету жолын таңдады. Сондықтан, халқымызға қорған болып тұрған әскери қызметшілерімізге ерекше ризашылығымызды білдіреміз.


Қазіргі қазақстандық әскер өкілдерінің үздік тәлімгерлері – біздің ардагерлеріміз алдында біз басымызды иіп, Ұлы Жеңіс үшін алғыс айтамыз. Олардың ерлігі жадымызда мәңгі сақталады!


Барлық әскери қызметшілер мен олардың жақындарына зор денсаулық, бақыт, амандық және табыс тілеймін! Аспанымыз ашық, жеріміз тыныш болсын.


Мереке құтты болсын!