Павлодар облысындағы вакцинация қарқыны COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық штабтың отырысында талқыланды

Павлодар облысындағы вакцинация қарқыны COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық штабтың отырысында талқыланды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, COVID-19-қа қарсы вакцинаның бірінші компонентін облыстың 54 мыңнан астам, ал екінші компонентін – 16 мыңнан астам адам қабылдаған.

Штаб отырысында жарияланған мәліметтерге сәйкес, облыстағы ірі кәсіпорындарда вакцинация науқанының қарқыны салыстырмалы түрде төмен деңгейде. Кездесуге қатысқан компаниялардың өкілдеріне медицина қызметкерлерінің вакцинациялау үшін өндіріс орындарына дейін баруға дайын екендіктері ескертілді. Ол үшін еріктілердің тізімін жасап, дәрігерлерді шақырту жеткілікті.

Кездесуде сонымен қатар ауылдағы вакцинация мәселелеріне назар аударылды. Мамандардың айтуынша, әр ауданда жұмыс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мамыр айының соңына қарай 5-тен 15 мыңға дейін адамға вакцинациялауға болар еді.

- Вакцинацияның  пандемиямен күресудің жалғыз тиімді әдісі екенін бәріміз түсінуіміз керек, - деді аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов. - Біз қазіргі қолданыстағы шектеу шараларын тек ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда ғана алып тастай аламыз.

Әбілқайыр Сқақов әкімдерге вакцинацияның қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. COVID-19-ға қарсы іс-қимыл штабының бір аптадан кейін болатын келесі отырысында бұл жұмыстың нәтижелері қарастырылады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтың суреті