Павлодар облысының әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Павлодар облысының әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – Павлодар облысы тұрғындарының, барлық отандастарымыздың басты құндылықтарын айқындайтын мереке. Бірлік пен келісім – халқымыздың ақ ниетінен туындайтын, жаңа табыстарға жетелеп, сенімімізді арттыратын күш.
Әр отбасының және бүкіл елдің гүлденуі – бұл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде бір шаңырақтың астында бірігіп және оны ортақ күшімізбен жоғары көтеріп жатқан халқымыздың берік достығының нәтижесі.
Павлодар облысының тұрғындары патриотизмге және бір-біріне деген терең құрмет сезімге толы өздерінің идеяларымен, істерімен танымал. Бұл құндылықтар мызғымас болып қала берсін және біздің өңірімізді жаңа жетістіктерге жетелей берсін.
Сіздерге, жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке және табыс тілеймін! 
Мейрам құтты болсын!