Шіркеймен күресуге арналған препараттың алғашқы партиясы Павлодарға жеткізілді

Шіркеймен күресуге арналған препараттың алғашқы партиясы Павлодарға жеткізілді

Қолданар уақытқа дейін биологиялық өнімнің 40 тоннасы арнайы қоймада сақталады. «Бактицидтің» қалған 30 тоннасы жақын арада жеткізілмек.

Дезинсекциялық жұмыстар конкурсында «Казахсельмаш-Строй» ЖШС жеңімпаз атанды. Бұл компанияның шіркеймен күресу тәжірибесі бар. Бүгінгі күні оның қызметкерлері Нұр-Сұлтанда зиянкес жәндіктермен күресу барысында тиісті біліктілік деңгейіне жетіп, қажетті құралдармен жабдықталып отыр. Ертең, 1 мамыр күні, Теплая өзенінің алқабында алдын ала өңдеу шаралары басталмақ. Ал 3 мамырдан бастап мамандар Павлодар тұсындағы Ертіс өзені алқабын өңдей бастайды.

- Компаниямыз жұмысты бастауға дайын, - деді «Казахсельмаш-Строй» ЖШС өкілі Қайрат Байбосынов. - Біздің тәжірибеміз де жеткілікті, жұмыстың осы түрлерімен айналысатын мамандарымыз да баршылық.

Қайрат Байбосыновтың айтуынша, «Бактицид» флора мен фауна және адам үшін де зиянсыз, өйткені құрамында химиялық заттар жоқ. Бұл препарат Ертіс өзені алқабын өңдеу үшін өткен жылдары да қолданылған.

 

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы