Жалпы облыстық сенбілік кезінде Павлодар облысының қалалары мен аудандарынан 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Жалпы облыстық сенбілік кезінде Павлодар облысының қалалары мен аудандарынан 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Көшелер мен қоғамдық аумақтарды жаппай жинау мен көгалдандыруға еңбек ұжымдары, коммуналдық қызметтер, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен жанашыр тұрғындар қатысты.

 

Жалпы облыстық сенбілік таңертеңнен басталды. Тазалық марафонына облыстың 58 мың тұрғыны мен 2 мыңға жуық шаруашылықпен айналысатын  субъектілердің қызметкерлері қосылды. Бір күннің ішінде облыстың елді мекендерінде 6,5 мың ағаш пен бұта отырғызылды, 87 гектар аула тазартылды және гүл отырғызу үшін 11,5 мың шаршы метр алаң дайындалды. Қалалар мен аудандарда тарихи орындарға да назар аударылды - 214 ескерткіш пен обелисктің айналасы ретке келтірілді.

 

Аймақ бойынша тазалық жұмыстарына 621 бірлік техника жұмылдырылды. Жалпы, 22,7 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сенбілік өтетін күні, абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы кезінде 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында полигондарға қоқыс қабылдау тегін жүргізіледі.

 

Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасы