Павлодар облысының 58 мыңнан астам тұрғыны сенбілікке шықты

Павлодар облысының 58 мыңнан астам тұрғыны сенбілікке шықты

17 сәуірде Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында 58 мың адамның қатысуымен сенбілік өтті. Соңғы рет бұл ауқымды тазарту бір жарым жыл бұрын жүргізілген болатын.

 

Абаттандыру және санитарлық тазалау айлығына аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та қосылды. Әкім әріптестері және жергілікті депутаттармен бірге Усолка өзенінің жағасы мен Естай атындағы мәдениет сарайының жанын жинап, ағаш отырғызды.

 

Әкімнің айтуынша, бұдан былай сенбіліктер тек қоқыс жинау мен көшет отырғызумен ғана шектелмейді. Мәселен, қолданыстағы айлық кезінде жолдардағы шұңқырлар да жөнделеді, автобус аялдамалары жуылады, көшені жарықтандыру тіректері мен қоғамдық орындардағы қоршаулар ретке келтіріледі.

 

- Облыс тұрғындары өте еңбекқор. Ортақ қаламызда бірлесіп тазалық орната алатынымызға сенімдімін. Осы маңызды іске барлығы қосылады деп үміттенемін, біз нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, айлықтан кейін тәртіпті сақтай аламыз, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

 

Әкімдік қызметкерлері сенбілікті үлкен ықыласпен қабылдады.

 

- Өзің жүріп, отбасыңмен демалатын орындарды тазалауға бір-екі сағат бөлу қиын емес, - деп бөлісті өңір әкімі аппаратының құжаттандыру бөлімінің бас маманы Меруерт Абдрахманова. - Егер әркім осылай ойласа, біз әрқашан таза өмір сүреміз. Сонымен қатар, сенбілік - жағдайды өзгертуге, әріптестермен бейресми сөйлесуге мүмкіндік береді. Мұндай сәттер ұжымды нығайтады.

 

Сенбілікке шығуды павлодарлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері де шағын тимбилдинг ретінде қабылдады. ERG Service ЖШС, Қазақстан электролиз зауыты, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ өңірлік филиалы және трамвай басқармасының қызметкерлері күні бойы бекітілген учаскелерді ретке келтіріп, қоқыс шығарды.

 

- Таңертеңнен бастап біздің ұжым кәсіпорынға іргелес жатқан аумақты, сондай - ақ Назарбаев даңғылындағы көпір жанындағы біздің депоға апаратын учаскені тазалайды, - деді Павлодар трамвай басқармасының басшысы Мүслім Махмудов. - Біз қоқыс жинап, трамвай жолдарын тазаладық. Айналада тазалық пен тәртіптің болғаны қуаныш сыйлайды.

 

Сенбілік кезінде қала аумағына ондаған жаңа ағаштар, оның ішінде Павлодар облысы үшін сирек кездесетін сібір шыршалары отырғызылды.

 

- Бұл ағаштардың жасы 20 жылдан асады, - деп нақтылады "Дендро" ЖШС директоры Әнуарбек Жанғұлов. – Енді олардың қурап қалмауы үшін отырғызу технологиясын сақтау қажет. Шырша 100 жылға дейін өмір сүреді және биіктігі 25-30 метрге жетеді. Уақыт өте келе бұл шыршалар қаланың көркін кіргізеді деп ойлаймын.

 

Айта кету керек, Павлодар облысының билігі аймақты көгалдандыру бойынша үлкен жоспары құрып отыр: егер бұрын Павлодарда жылына 800 ағаш отырғызылса, 2021 жылы мұнда 20 мыңнан астам көшет отырғызылмақ.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото түсірген Валерий Бугаев