Павлодарлықтар Чехов атындағы облыстық драма театрында өткен премьераны жоғары бағалады

Павлодарлықтар Чехов атындағы облыстық драма театрында өткен премьераны жоғары бағалады

Павлодардың А.П.Чехов атындағы облыстық драма театрында Лилия Моцарьдің «Два мужа по цене одного» пьесасы бойынша ресейлік режиссер Алексей Мельниковтың махаббат хиқаясы қойылды. Спектакльді алғашқылардың қатарында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та тамашалады.

Пьесаның авторы көптеген комедиялық туындыларымен танымал («Подкидыш», «Галатея, или почти библейская история», «Любовь на карантине» және т.б.). Павлодарлық көрермендер де бұдан тыс қалмады. Ұзақ шектеулерден кейін театр жұмысы қайта жанданып, көрермендерінің сахналық өнерден алатын әсерін күшейте түскендей.

- Біздің сүйікті театрымыздың ашылуын мен үлкен бақыт санаймын, - деп, көрермен Лариса Захарова сырын ақтарды. - Карантин кезінде театрдың жабылуы өзім үшін өте ауыр сынақ болды. Мысалы, кафеге баруды үйдегі дәмді кешкі аспен, дүкендерді аралау немесе киноға баруды саябақта серуендеумен ауыстыруға болады, ал театрдың орнын ештеңе де баса алмайды. Сондықтан, бос кешімді театрда өткізу мақсатымен билетті ойланбастан алдым. Премьераға келгеніме бақыттымын.
Театр қызметкерлерінің өздері де спектакльдерін көрсетуді аңсаған көрінеді. Аудиторияны аз да болса жұбату үшін олар өз қойылымдарын Интернетте жариялап отырды. Олар қалжыңдап, бұл әрекеттерін «әйнек арқылы сүйісуге» теңеген.

- Біз театрымыздың павлодарлықтар үшін өмірлік маңызы бар құндылықтардың бірі екенін карантин кезінде түсіндік, - дейді театрдың көркемдік жетекшісі Виктор Аввакумов.- Біз де көрерменімізбен ұзақ уақыт көріспегенімізден қатты қиналдық. Бұл тек шығармашылық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан ауыр жайт. Көрерменсіз өзіңді еңбекке жұмылдыра да алмайды екенсің. Дайындық, қойылым, аудиториямен байланыс арқылы жеткізер ойың іште тұнып, шығармашылық өмірің үшін күрес басталады. Көрермендерінен қол үзіп, ұзақ көріспеген театрдың күні қараң.

Тағы бір жақсы жаңалық: драма театрында мамыр айына дейін жаңа қойылым премьерасы өтеді. Ал эпидемиологиялық жағдай сәтті болса, театрлық маусым тек маусым айында ғана жабылмақ.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтың суреті