Павлодар облысындағы тазалық марафоны 17 сәуірде жалғасады

Павлодар облысындағы тазалық марафоны 17 сәуірде жалғасады

Абаттандыру және санитарлық тазарту айлығын қолдап жатқан облыс тұрғындарының қатары көбейіп келеді. 15 сәуірде аулалар мен көшелерді тазартуға өңірдің 7 мыңға жуық тұрғыны мен 300 ұйымның өкілдері шықты.

 

Ірі кәсіпорындар мен коммуналдық қызметтер ұсынған 167 техниканың көмегімен полигондарға 726 тонна қоқыс шығарылды.

14 сәуір күні осындай жұмысқа 800-ге жуық тұрғын мен 84 ұйымның өкілдері атсалысып, 800 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

 

Жалпы айдың басынан бастап бүкіл облыс аумағы 9,8 мың тонна қалдықтардан тазартылды. Жаппай тазартуға 24,4 мың тұрғын мен 1 мың ұйымның қызметкерлері қатысты.

 

Облысымыз үшін осындай маңызды іс-шараларға атсалысып жатқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз. 

17 сәуір күні өңір тұрғындарын ерікті сенбілікке шығып, қоршаған ортаның жақсаруына, өз аулаларымыздың, ауданымыз бен қалаларымыздағы көшелердің таза әрі көрікті болуына үлес қосуға шақырамыз.

 

Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы