Әбілқайыр Сқақов Мемлекет басшысына Павлодар облысындағы эпидемиологиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндады

Әбілқайыр Сқақов Мемлекет басшысына Павлодар облысындағы эпидемиологиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндады

Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы әкімнің есебін тыңдады,- деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Әбілқайыр Сқақов Мемлекет басшысына облыста коронавирустық инфекциямен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 13 сәуірдегі жағдай бойынша облысқа "Спутник V"вакцинасының бірінші компонентінің 21 750 дозасы және екінші компонентінің 10 750 дозасы жеткізілді. Өңірдің 19 мыңнан астам тұрғыны COVID-19-ға қарсы екпе алды. 4,1 мың адам препараттың екінші компонентімен егілген.

Сондай-ақ, облыс әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы баяндады. Биыл өңірдегі егіс алқабы 1,49 миллион гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 59 мың гектарға артық.

Мемлекет басшысы Әбілқайыр Сқақовқа эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және халық арасында вакцинацияны жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Фото: Akorda.kz