Павлодар облысының елді мекендерінде санитарлық тазарту және абаттандыру айлығын өткізу жарияланды

Павлодар облысының елді мекендерінде санитарлық тазарту және абаттандыру айлығын өткізу жарияланды

Қалалар мен ауылдардағы жаппай тазарту шаралары 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді. Облыстық сенбілік 17 сәуір күні өткізілмек.

 

Санитарлық тазарту және абаттандыру аясындағы бір айлық тазарту шараларын ұйымдастыру мәселелері облыс әкімдігінде өткен кеңес отырысы барысында талқыланды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Ертаевтың айтуынша, облыс аумағын жаппай тазартуға 4 мыңнан астам шаруашылық жүргізуші субъектілер, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, пәтер иелері кооперативтері және басқа ұйымдар ұжымдары жұмылдырылатын болады.

 

- Қоқыстарды шығаруға ірі кәсіпорындардың қосымша ұсынған 873 бірлік техникасы мен автокөліктері тартылады, - деді Ержан Ертаев. – Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында қоқыс бір ай бойы тегін қабылданады. Барлық қалалар мен ауылдық елді мекендер аумақтары секцияларға бөлініп, олардың әрқайсысына жауапты кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және басқа ұйымдар бекітілді.

 

Облыс аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстарының сапасын бір ай бойы арнайы топтар бақылайды. Олар саябақтарды, жекеменшік үйлер секторларын, аулалар мен аялдамаларды және тағы басқа жерлерді аралап тексеретін болады. 109 бірыңғай байланыс орталығында қабылдайтын тұрғындар өтініштерінде көтерілген мәселелер жедел шешілу мақсатында шағымдар жергілікті әкімдіктерге жолданбақ. Бұл жұмысты аймақ басшысының бірінші орынбасары Олег Круктың төрағалығындағы штаб бақылайды.

 

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қоқыс тастау рұқсат етілмеген жерлерді жою қажеттігін атап өтіп, облыстың жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұловқа заң ережелерін бұзушыларды анықтау және жауапкершілікке тарту шараларын күшейтуді ұсынды.

 

- Санитарлық тазарту және абаттандыру айлығы тек көше тазалаумен шектелмейді – бұл қысқы жағдайдан шыққан бүкіл қалалық және ауылдық инфрақұрылымды ретке келтіру, - деді әкім. - Тек қоқысты жинап-шығару жеткіліксіз. Біз саябақтар мен шағын бақтарды, аялдамалар мен қоршауларды, орындықтарды мен басқа да шағын формаларды ретке келтіруіміз керек. Бұл мәселе тек қалаларға қатысты емес – облыстың ауылдық аумақтары да тыс қалмауы керек.

 

Әбілқайыр Сқақов ірі кәсіпорындардың басшыларын, шағын және орта бизнес өкілдері мен облыстың барлық тұрғындарын жаппай тазарту шараларына белсенділік танытып қатысуға шақырды. Сонымен қатар ол тазартуға қатысатын күштерді санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып бөлуді тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Валерий Бугаевтың суреті