Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауапты болмақ.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауапты болмақ.

Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын бітіріп, өнеркәсіптік жылу энергетик мамандығын иеленді.
 
Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар ЖЭО-3-те слесарлық шеберлікті игеруден бастаған. Университетті бітіргеннен кейін ол еңбек жолын жылу-электр орталығында жалғастырып, қазандық бөлімінде инженер-технолог, кейінірек бас инженердің орынбасарына дейін өсті. 1997 жылы Олег Крук «CCL-Energo Company» ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы болды. 1999 жылдан 2002 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясы» ЖШС, «Казснабцентр» ЖШС, «Казпромресурс» ЖШС және «Теплоцентр-Северный» ЖШС Павлодар филиалында қызмет етті. 2002 жылы «Павлодарэнерго» ААҚ жылу желілерінің директоры болып тағайындалды. 2006 жылы «Павлодар жылу желілері» АҚ басқарды. 2007 жылы Олег Крук мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды. 2008 жылы ол Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, осы лауазымда төрт жылдан астам қызмет етті. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты. 2020 жылы ол Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығына тағайындалып, онда бүгінгі күнге дейін жұмыс істеді.
 
 
Қаржы басқармасының басшылығына Жеңіс Шакатов тағайындалды. Павлодар қаласының тумасы, ол 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Павлодар мемлекеттік техникалық университетін өндірістік жылуэнергетикасы мамандығы бойынша, ал 1996 жылы – Мемлекеттік статистика комитеті мен ҚР Еңбек министрлігінің бухгалтерлік есеп кадрларын даярлау жөніндегі республикалық салааралық институтын бітіріп, «бухгалтер-экономист» мамандығына ие болды.
 
Еңбек жолын «Фрегат» компаниясында жабдықтау инженері қызметінен бастаған. 1995 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар облысының салық органдарында, оның ішінде басшылық қызметтерде де жұмыс істеді. 2016 жылы Жеңіс Шакатов Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, келесі жылы – Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқырды. 2018 жылы ол Павлодар облысы бойынша қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылдан бері Ж.Шакатов Павлодар облысының статистика департаментін басқарды.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтың суреті