Павлодар облысында офтальмологиялық медициналық көмек деңгейі арттырылып жатыр

Павлодар облысында офтальмологиялық медициналық көмек деңгейі арттырылып жатыр

Павлодарда Академик Бектұров көшесі, 103 мекенжайында көз емханасы ашылды, онда жақын арада көру қабілетін лазерлік түзету жасалатын болады. Офтальмологиялық орталық "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың арқасында кең ғимаратқа көшті.

Павлодарда 2016 жылдан бастап жұмыс істейтін клиника бұрын жалға алынған үй-жайларда орналасып келген болатын. Биыл медицина қызметкерлері қала орталығындағы үш қабатты кең ғимаратқа көшті. Оны қайта құру және қайта жабдықтау үшін "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бойынша 213 миллион теңгеден астам жеңілдетілген несие берілді.

1,5 мың шаршы метр аумақта клиникада диагностикалық кешен және екі операциялық бөлмесі бар тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жұмыс істейді. Мұнда көз патологиясын анықтау және емдеу, сондай-ақ катаракта, глаукома, көздің артқы сегменті операциялары жүргізіледі. Алдағы айда орталықта лазерлік түзету жүргізіле бастайды.

- Біздің штатымызда алты офтальмохирург бар, олардың басым бөлігі Павлодар кадрларынан дайындалған. Кеңейтілгеннен кейін біз мамандар штатын да ұлғайтуға ниеттіміз. Бұл біздің клиниканың қуаттылығына да әсер етеді деп ойлаймын. Егер бұрын біз жыл сайын 2,5 мың пациентті қабылдап, 1 мың адамға дейін операция жасасақ, енді бұл көрсеткіштер 2 есеге ұлғаюы тиіс, - дейді көз клиникасының бас дәрігері Айжан Ахмерова.

Орталыққа келген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов клиника алдағы айларда тұрғындарды қамтудың жоғары деңгейіне шығады деген үмітін білдірді.

- Егер біздің өңірде көз диагностикасының қызметтері ұсынылғанмен, көру қабілетін лазерлік ота жасату үшін Қазақстанның басқа өңірлеріне немесе шетелге шығу қажет болды. Бұл науқас үшін ауыр, қымбат және әрдайым қауіпсіз емес. Сондықтан Павлодарда мұндай операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін технологиялардың пайда болуы жақсы. Қалай болғанда да, облыс тұрғындары Сіздің жұмысыңызға баға береді. Бұл кез келген жоба тиімділігінің негізгі көрсеткіші, - деп атап өтті ол.

Клиника жетекшілері мұнда тәулік бойы жұмыс жасайтын стационар ашуға ниетті. Бұдан басқа, Павлодар емханаларындағы жүктемені жеңілдету үшін осы офтальмологиялық орталықта тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі шеңберінде пациенттерді қабылдауға дайын.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев