Азамат Байтенов ақпарат және қоғамдық даму басқармасын басқарады

Азамат Байтенов ақпарат және қоғамдық даму басқармасын басқарады

Азамат Байтенов 1987 жылы Павлодар облысының Успен ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы осы жоғары оқу орнынан тарих магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы №3 Успен орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2011-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді. Содан кейін Павлодар әкімдігіне жұмысқа ауысып, онда 2014 жылға дейін баспасөз қызметін басқарды. 2014 жылы «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы болды. Сол жылы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы лауазымына оралды. 2015 жылы Азамат Байтенов Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2016-2019 жылдары Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін облыстың ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың сәуір айында «Ертіс Медиа» ЖШС директоры болып тағайындалды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев