Хабарландыру

Хабарландыру

Павлодар облысы әкімінің аппараты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында және өңір басшысы                       Ә.Б. Сқақовтың халықпен есептік кездесуі қарсаңында өңірдің әрбір тұрғыны өзіне ыңғайлы байланыс арнасын таңдап, өз сұрақтарын қоюға, ұсыныстар енгізуге немесе онлайн қабылдауға жазылуға болатынын хабарлайды.

Өтінішті:

  1. Қазақстан Республикасының www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы;
  2. Павлодар қаласы, Сәтбаев көшесі, 49-үй мекенжайы бойынша облыс әкімдігінің ғимараты жанында жүгіну үшін арнайы орнатылған жәшікке конвертпен;
  3. Облыс әкімдігінің www.pavlodar.gov.kz сайтындағы «Open Dialog» блог-тұғырнамасына;
  4. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен мессенджерлерге:

Instagram - @pavlodar_region,

Facebook – Pavlodar Region,

Telegram - Pavlodar_region_bot,

WhatsApp +77021661661;

  1. Қоңырау байланыс телефондарына: (87182) 65-10-50, 65-10-46, 66-39-25.

 

Өтінішті толтыру кезінде өтініш берушінің толық деректерін (аты-жөні, пошталық мекенжайы, байланыс телефондары) және мәселенің/ұсыныстың қысқаша мазмұнын көрсету қажет.