COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысы өтті

COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысы өтті

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев хабарлауынша, 4-10 қаңтар аралығында өңірде COVID-19-дың 549, 11-17 қаңтар аралығында - 616 оқиғасы тіркелген. Аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін санитарлық дәрігерлер қоғамдық тамақтану орындарының, СПА-орталықтардың, фитнес-залдардың, базарлардың, сауда-сауық кешендерінің, сауда үйлерінің, азық-түлік емес дүкендер мен қоғамдық көліктердің жұмыс режиміне қатысты қосымша шектеу шараларын енгізді. Олар 20 қаңтардан бастап әрекет ете бастайды.

 

- Қандай шара қолдансаңыздар да, егер осы шаралардың сақталуы тиісті дәрежеде бақыланбаса, қажетті нәтиже күтудің қажеті жоқ. Біз мониторингтік топтардың санын арттырдық, бірақ әзірге олардың тиімділігі көңіл көншітпейді. Барлығын жаппай тексерудің қажеті жоқ – эпидрежим бұзылатын жерлермен жұмыс жасаңыздар,-деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

 

Өңір басшысы штаб мүшелерінің назарын ауылдық жерлерде сырқаттың өршуіне аударды. Өткен аптада кейбір аудандарда коронавирус инфекциясына шалдыққан 30-ға жуық адам тіркелді. Аудан әкімдері мұны COVID-19 жұқтырғандармен жиі байланыста болған адамдарда анықталып жатқанымен түсіндірді. Алайда Әбілқайыр Сқақов бұл жағдайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан кемшіліктер орын алып отырғаныдығынан деп есептейді.

 

- Бізге өңірлік матрицаны енгізу қажет, соған сәйкес әрбір әкімшілік-аумақты жеке қарастыратын боламыз. Тез арада біз өз бағалауымызды жүргізу үшін әрбір қала мен ауданға жаңа тәсілдерді түсіндіріңіздер. Сонда біз әр «қызыл аймақпен» жеке жұмыс ңстеп, нақты нәтижелі шаралар қабылдайтын боламыз, - деп тапсырды ол.

     

Павлодар, Екібастұз және Ақсу әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қалаішілік жолаушылар тасымалының жұмысын тиімді жолға қою тапсырылды. Жалпы жергілікті жерлердегі барлық басшылардың алдына Әбілқайыр Сқақов сырқаттың тарау динамикасын төмендету міндетінің маңыздылығын бірінші кезекке қойды.

  

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото мұрағаттан