Павлодар облысында «Ел үміті» дарынды балалар мен жастарды қолдау бағдарламасының лауреаттары марапатталды

Павлодар облысында «Ел үміті» дарынды балалар мен жастарды қолдау бағдарламасының лауреаттары марапатталды

14 желтоқсанда облыс әкімдігінде өткен салтанатты шараға 9 бала қатысты, қалған 64 лауреат кездесуге өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінен онлайн байланыс арқылы қосылды. Жиын кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ел үміті» бағдарламасы үш бағытты қамтиды. Бұл халықаралық мектеп олимпиадаларының жүлдегерлеріне берілетін «El maqtanyshy» сыйлығы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы және жеті негізгі бағыт бойынша талантты жастардың әлеуетін дамыту үшін тағайындалған «Елбасы медалі».

 

500 мың теңге сыйақымен қамтамасыз етілген «El maqtanyshy» сыйлығын химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Хайдар Қайырбек алды. Хайдар биыл 52-ші химиялық олимпиадада қола жүлде алса, ал оның ұстазы Оразбай Асылбек те назардан тыс қалмай, осындай марапатқа ие болды.

 

- Менің жеңісім - Назарбаев зияткерлік мектебінің және бүкіл Павлодар облысының еңбегі деп санаймын. Төрт жыл қатарынан мен мектеп пен өз елімнің намысын қорғауға тырысып, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыстым. Болашақта мен ғылыммен айналысып, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосқым келеді, - деді Хайдар Қайырбек.

 

Салтанатты шараға «Мың бала» ұлттық олимпиадасының бес жеңімпазы қатысты. Олар: республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Жұбаныш Аманбек, Павлодар қаласының №38 мектебінің оқушысы Мұстафа Тілеубекұлы және Кенжекөл орта мектебінің алтыншы сынып оқушылары Нұрасыл Шәкар, Алтынай Қабиболла және Айхана Қалиева. Осы оқушылар сияқты «Ел үмітін» жеңіп алған Павлодар облысының қалған 53 жас тұрғыны да Нұрсұлтан Назарбаев қорынан ноутбуктер алды.

 

Бұлардан өзге үш оқушыға «Елбасы медалі» табысталды. Олар: Павлодар қаласының №17 мектебінің оқушысы Эвелина Рудько, Павлодар қаласының №24 мектебінің оқушысы Алланұр Ысқақов және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Арнұр Дәулет. «Елбасы медалін» Павлодар облысының 14 жас тұрғыны алды.

 

 

- Болашақта мен елімізді ең жоғары позицияларда көргім келеді және бұл үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Ұстаздарыма үлкен алғыс айтамын. Олардың арқасында мен ұлттық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болдым, - деді «Білім» бағытының волонтері Алланұр Ысқақов.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов ел басшылығы жас таланттарды әрдайым қолдайтынын және олардың одан әрі дамуы үшін жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

 

- Адамды жетістікке жеткізетін басты қасиет – құлшыныс пен стандарттан  тыс ойлау қабілеті. Сіздер өмір сүріп жатқан жаһандану кезеңінде жаңа технологиялар мен прогрессивті идеялар үшін ешқандай шектеу жоқ. Әрқашан да осындай батыл, талапты және мақсатшыл болып қала беріңіздер, - деді әкім «Ел үміті» лауреаттарына.

 

Салтанатты рәсімнен кейін балалар өңір басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев

 

Программа «Ел үміті», инициированная Первым Президентом РК – Елбасы Нурсултаном Назарбаевым, включает в себя три направления. Это премия «El maqtanyshy», присуждаемая призерам международных школьных олимпиад, национальная олимпиада «Мың бала» и «Медаль Елбасы», учрежденная для развития потенциала талантливой молодежи по семи основным направлениям.

 

Премию «El maqtanyshy», подкрепленную вознаграждением в 500 тысяч тенге, получил ученик Назарбаев интеллектуальной школы химико-биологического направления Хайдар Каирбек. Хайдар в этом году завоевал бронзу на 52-й химической олимпиаде. Без внимания не остался и его учитель Оразбай Асылбек, которого отметили таким же поощрением.

 

- Я считаю, что моя победа - это заслуга Назарбаев интеллектуальной школы и всей Павлодарской области, - сказал Хайдар Каирбек. - Четыре года подряд я участвовал в республиканских и международных олимпиадах, стараясь защитить честь школы и своей страны. В будущем я хочу заниматься наукой и внести свой вклад в развитие Казахстана.

 

В церемонии в облакимате приняли участие пятеро победителей национальной олимпиады «Мың бала»: ученик республиканской физико-математической школы Жубаныш Аманбек, учащийся павлодарской школы №38 Мұстафа Тілеубекұлы и сразу три шестиклассника из Кенжекольской средней школы - Нурасыл Шакар, Алтынай Кабибулла и Айхана Калиева. Они, как и остальные 53 юных жителя Павлодарской области, победившие в этом направлении «Ел үміті», получили ноутбуки от Фонда Нурсултана Назарбаева.

 

«Медаль Елбасы» на встрече в администрации региона вручили троим школьникам: ученице павлодарской школы №17 Эвелине Рудько, учащемуся павлодарской школы №24 Аллануру Искакову и Арнуру Даулету из лицея-интерната «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ». Всего же «Медаль Елбасы» получили 14 юных жителей Павлодарской области.

 

- В будущем я хочу видеть нашу страну на самых высоких позициях и сделаю для этого все, что в моих силах, - пообещал волонтер направления «Бiлiм» Алланур Искаков. - Очень хочу поблагодарить своих учителей. Именно благодаря им я смог выступать на национальных и международных соревнованиях и занимал призовые места.

 

Глава региона Абылкаир Скаков отметил, что руководство страны всегда поддерживало и поддерживает молодые таланты и создает условия для их дальнейшей самореализации.

 

- Ваше главное богатство – энтузиазм и способность мыслить вне рамок. Вы – поколение, выросшее в глобализированном мире, в котором благодаря новым технологиям и прогрессивным идеям исчезли какие-либо клише и ограничения. Оставайтесь всегда такими же смелыми, пытливыми и целеустремленными, - обратился к лауреатам «Ел үміті» аким.

 

После торжественной церемонии дети смогли задать главе региона интересующие их вопросы.

 

Пресс-служба акима Павлодарской области

Фото Валерия Бугаева