Әбілқайыр Сқақов ANTIKOR LIVE жобасыныңтікелей эфиріне қатысты

Әбілқайыр Сқақов ANTIKOR LIVE жобасыныңтікелей эфиріне қатысты

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов пен өңір бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсықызметтің басшысы Айдар Тастеміров Facebookқолданушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсышаралар туралы айтып берді

 

Өңір басшысы үш негізгі бағытқа тоқталдысыбайлас жемқорлыққа қарсы инфрақұрылым құруцифрлық шешімдерді енгізу және қоғамдықбақылауды күшейту.

 

Бірінші блок сервистік әкімдіктердің ашылуынмемлекеттік қызметті онлайн әдіске көшіруді, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен жұмысістеудің форматын өзгертуді қамтиды. 

 

Өтініштер бойынша жұмысты бақылау күшейтілді, өтініш берушілер үшін рәсімдержеңілдетілді және ең бастысы, әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен пікірлер өтініштерге теңестірілді, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов, жергілікті атқарушы органдардың өңір тұрғындарының өтініштерімен жұмысының жаңа тәсілі туралы.

 

Екінші бағыт бойынша әкім осы жылы енгізілген мобильді қосымшаны мысалға келтірді. Ол арқылы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мердігерлердің жұмысын қадағалайды. Атап айтқанда, жүйеде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 200-ге жуық жоба тіркелгенОдан бөлек, өңірде жеті ірі жобаны цифрлық жүйеге енгізу жоспарланып отыр. Олар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және көлеңкелі экономиканы азайтуға ықпал етпек.

 

– Үшінші үлкен бағыт  қоғамдық бақылауды күшейту. Мердігерлерді қоғамдық белсенділер мен тәуелсіз сарапшылардан тұратын мониторингтіктоптар қадағалайдыМысалы, ЖҚЖК аясындаосындай 21 топ құрылдыСонымен қатарқарапайым тұрғындар шешім қабылдаупроцестеріне қатысадыАтап айтқандаоблыстыңүш қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасыіске асырылып жатыр. Облыстың барлықәкімдіктері мен басқармаларының алдындажұртшылықты қандай да бір бастамалардыталқылауға және шешім қабылдауға тарту міндетітұр, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

 

 

Павлодар облысы бойынша Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Айдар Тастеміров өңір тұрғындарының сыбайласжемқорлыққа қарсы күресте белсенділігі артыпкеле жатқанын атап өттіОның айтуыншабұл жергілікті атқарушы органдардың сыбайласжемқорлыққа қарсы стратегиясы тиімді екенінің айғағы.

 

 Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалардың төртінші пакеті дайындалып жатыр, атап айтқанда, қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау туралы мәселе тұр. Оның мақсаты  жұртшылықтысыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, - деді Айдар Тастеміров. 

 

Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы бірыңғай call-орталық - 1424 екенін еске салды. Бұл нөмір бойынша кез келген уақытта кеңес алуға немесе сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға болады. 

 

Тікелей эфир барысында Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. Трансляция аяқталғаннан кейін облыс әкімі мен өңір бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы алдағы уақытта да ынтымақтастық тиімді болатынына сенім білдірді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото түсірген Валерий Бугаев