Павлодар облысында шұғыл медициналық қызметтің сапасы артты

Павлодар облысында шұғыл медициналық қызметтің сапасы артты

Жыл соңына дейін өңірдегі жедел жәрдем станциясының автопаркі толық жаңартылады. Барлығы 109 жаңа реанимобиль беріледі, оның 31-і қолданыста.

Көліктердің жаппай жаңартылуы станция тарихында алғаш рет болып отыр. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, бұл өңірдегі шұғыл медициналық қызмет сапасын көтеруге қатысты шаралардың бірі ғана.

- Қысылтаяң сәтте науқастың жанын аман сақтап қалу үшін барлық жағдайды жасаймыз. Бұл тек коронавирусқа қатысты емес. КВИ-мен күресеміз деп жүріп, біз басқа науқастар туралы да ұмытпауымыз керек, - деді Әбілқайыр Сқақов 26 қарашада ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, өңірде осы жылы бірнеше жаңа медициналық нысандардың құрылысы қолға алынды. Ең ірісі – 200 орындық модульді инфекциялық госпиталь. Сонымен бірге облыстық аурухана жанына инфекциялық бөлім, ал бірінші қалалық ауруханаға қабылдау бөлімі салынып жатыр.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев