
Өңір басшысы ең алдымен құрылысы жүргізіліп жатқан «Демеу Көк-Тас» ЖШС-нің мыс концентратын өндіруге арналған байыту фабрикасы болды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және дайындық жұмыстары жалғасуда. Ұзындығы 76 км электр желісі мен 22 км су құбырының құрылысы жүргізілуде, вахталық кент салынуда, фабрика мен карьердің негізгі нысандарын салу үшін дайындық жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 23 км грейдерлік жолдың құрылысы аяқталып, байланыс желісі тартылды.
Май ауданындағы өнеркәсіп өндірісі саласындағы алғашқы ірі инвестициялық жобаның іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті бюджеттің кірісін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан бірқатар ірі инвестициялық жобалар да талқыланды. Олардың қатарында «Druzhba Mining» ЖШС-нің титан-цирконий концентратын өндіруге арналған байыту фабрикасын салу жобасы, сондай-ақ «ВКО Smart» ЖШС-нің Болдыкөл кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіру және заманауи фабрика салу жобасы бар.
Одан кейін облыс әкімі «Ақжар Өндіріс» ЖШС-нің суармалы егіс алқабында болды. Биыл шаруашылықта 2 мың гектардан астам аумаққа бидай, арпа, көкөніс дақылдары, картоп және күнбағыс егілген. Ал 4 мың гектардан астам жерді көпжылдық шөптер алып жатыр. Маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін кәсіпорында қажетті материалдық-техникалық база қалыптасқан. Атап айтқанда, 18 трактор, 4 астық жинайтын комбайн, 4 жаңбырлатып суару машинасы, 3 жүк көлігі, 10 тұқым сепкіш және басқа да арнайы техникалар бар.
Сонымен қатар Асайын Байханов Саты ауылына барып, жаңа медициналық пункттің құрылысы барысымен танысты. Жоба шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары, кіреберіс аумағы мен іргелес аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын биылғы қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Асайын Байханов инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуді, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын сапалы іске асыруды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев