Жобаларға қаражат бөлінген жағдайда оларды іске асыру келесі жылы басталуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Ақсу қаласына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.
Әбілқайыр Сқақов жолшыбай блок бекеттердің жұмысын тексерді. Кенжекөл ауылы маңындағы Павлодар кордонында әкімге осы уақытқа дейін пункт арқылы 140 мыңнан астам автомобиль өткенін айтты. Мұнда бір ауысымда 10 адам кезекшілік атқарады.
- Блок бекетте жұмыс істеу үшін жағдай жасалған. Тамақтану, қысқы киім-кешек және үй-жайларды жылыту бойынша мәселелер жоқ, пост қалыпты режимде жұмыс істейді, - деп атап өтті қала басшысы Ержан Иманслям.
Ақсу қаласына кіре берістегі бекетте өңір басшысына трафиктің 30%-ға азайғаны туралы айтылды. Өткізу пунктінің қызметкерлері үшін ең қауырт уақыт таңғы және кешкі сағаттарда басталады. Кезекшілерге ыңғайлы болу үшін мұнда жылы дала вагондары орнатылды, онда түскі ас ішіп, демалуға болады.
Ақсу қаласының маңындағы шағын ауданда облыс әкімі биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен кітапханаға барды. Мұнда пластикалық терезелер орнатылып, ішкі үй-жайлар ретке келтірілді. Сондай-ақ, кітапханада «Электрондық үкімет» сервистерін пайдалануға болатын коммуникация орталығы ашылды. Әбілқайыр Сқақов барлық ниет білдірушілерге қолжетімділікті болуын қадағалануын және кітап қорын ұлғайтуды тапсырды.
Облыс басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің де құрылысын бақылады. Мердігерлер әкімшілік-тұрмыстық ғимарат пен ангарды салып болған. Қазір олар ішін әрлеп, іргелес аумақты абаттандырып жатыр.
- Қысқы уақытта абаттандыру жұмыстарын жүргізген дұрыс емес, көктемде мына плиталар жылжып ктеді. Ішінде де әлі қыруар жұмыс аяқталмаған. Бұл нысанның көктемде қандай жағдайда болатынын қадағалау қажет және кепілдік алу керек, әрі сол бойынша кемшіліктерді түзетуді талап ету керек, - деп тапсырды Әбілқайыр Сқақов.
3,5 мың адам тұратын қала маңындағы ауыл тұрғындары Әбілқайыр Сқақовтан жергілікті саябақты қайта құру жобасын қолдауды сұрады. Қалалық әкімдікте жаяу жүргіншілер жолы, балалар және спорт алаңдары бар 19 мың шаршы метр саябақты абаттандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Өңір басшысы жобаны қолдайтынын, ал осы әлеуметтік нысандар құрылысының сапасын бақылау үшін тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту керектігін айтты.
Облыс әкімі Ақсу қаласындағы жедел жәрдем станциясында болды. Биылғы жылы мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медицина қызметкерлері үшін қажетті тұрмыстық жағдай жасалды. Сонымен қатар қосалқы станцияда санитарлық автокөліктерге арналған бокс жарақталды.
- Ақсу қаласында 10 реанимобиль бар, бұл жеткілікті. Бүгінде бұл қосалқы станция тәулігіне 60-65 шақыруға қызмет көрсетеді, - деді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Қанадан Ахметжанов.
Ал, көрші ғимараттағы Ақсу орталық ауруханасы эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда науқастарды қабылдауға дайын. Әбілқайыр Сқақовқа осы медициналық мекеме ғимараттарының біріндегі реанимация бөлімі мен қарқынды терапия палаталары көрсетілді. Онда өкпені жасанды желдететін жаңа аппараттар орнатылған.
- Біз стационарлық және жылжымалы рентген-аппараттармен қамтамасыз етілдік, компьютерлік томограф бар. Сондай-ақ, біз 89 оттегі концентраторын сатып алдық. 25 қарашаға дейін оттегімен қамтамасыз ету станциясы іске қосылады, - деді аурухана басшысы Мақсат Мұқашев.
Өңір басшысы медициналық мекемелер де санитарлық режимді қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын қолданудың барлық ережелерін ұстануы шарт. Бұған медициналық мекеме басшылары тікелей жауапты.
Облыс әкімі Ақсудағы қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Айта кетейік, мұндағы адамдар тамақтың сапасына қатысты шағым түсірген болатын. Қазір бұл мәселе орталық әкімшіліктің тікелей бақылауында.
- Тамақтың құнарлылығын, әртүрлі болуын бақылау қажет. Орталықта тұратындарға арналған диеталық талаптар ескеріліп, мәзір әртүрлі болуы тиіс, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жұмыс істейтін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығында өңір басшысы педагогтармен және олардың тәрбиеленушілерімен әңгімелесті. Бүгінде орталықта 38 бала әлеуметтік қызмет алады. Дәстүрлі сабақтардан басқа, олар иппотерапиядан өтеді.
- Бұл маңызды әлеуметтік жоба және бизнестің осындай күрделі жұмысты өз мойнына алып отырғаны өте қуанышты. Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға да, олардың ата-аналарына да үміт беретін бастамаларды қолдаймыз, - деді әкім.
Әбілқайыр Сқақов үшін 2018 жылы ұйымдастырылған балалар эко-техно орталығында шағын экскурсия ұйымдастырылды. Карантиндік шектеулерге байланысты бүгінде қосымша білім беру мекемесіне 1400 оқушының 400-ге жуығы ғана барады. Мұнда экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, сәндік-қолданбалы және ғылыми-техникалық бағыттар бойынша 30 үйірме жұмыс істейді.
Өңір басшысы бірнеше қалалық аулада орнатылған балалар алаңдарының сапасын тексерді. Көп қабатты үйлердің тұрғындары аумақтарды абаттандыру жұмыстарына риза. Алдағы екі жыл ішінде Ақсу қаласында барлық аула 100 пайыз абаттандырылмақ.
- Балалар таңертеңнен кешке дейін аулада ойнайды, оларға бәрі ұнайды. Айта кету керек, Ақсу жылдан жылға көркейіп келеді. Көшелер тазаланады, көгалдар қиылады, аулалар ретке келтіріледі, - деді Қамзин көшесі, 20 және Желтоқсан көшесі, 37 үйлердің тұрғындары.
Биыл Ақсу қаласында бірден 540 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр. Осының арқасында қалада тұрғын үй кезегі 20%-ға қысқарады. Осы учаскеде екі үй «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша салынып жатыр. Облыс әкімі тұрғын үйді пайдалануға беру уақытын кешіктіруге болмайтынын және сапасы үшін мердігерлер жауапқа тартылатынын ескертті.
Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының спорт мекемелерінде де болды. Биыл қаладағы жалғыз жүзу бассейнінде алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір мұнда жас жүзушілерге арналған сабақтар өткізіледі.
30 жылға жуық жұмыс істемей тұрған атыс тирі қайта қалпына келтіріліп жатыр. Бөлмелердің тек ішкі әрлеуі ғана қалды. Құрылысшылар жұмысты аяқтап жатқанда, садақшылар жаңа атыс алаңын сынап та көрді.
«Жалын» жабық хоккей кортында өңір басшысы жас хоккейшілермен сөйлесті. Айта кетейік, шайбалы хоккей ақсулық балалар мен жасөспірімдер арасында өте танымал. Сондықтан жергілікті билік мұз аренасын салу жобасын дайындады. Онда спортшылар жыл бойы айналыса алады. Облыс әкімі қолайлы алаң қарастырылып, инженерлік инфрақұрылымы дайындалған жобаны қолдауға уәде берді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев