Өңір басшысы қала мен аудан әкімдері, сонымен қатар бас дәрігерлердің есептерін тыңдады. Әбілқайыр Сқақов қоғамдық орындарда санитарлық режимнің сақталуын бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды.
Соңғы тәулікте Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 85 адам анықталды. Ал, өткен жеті күнде өңірде 7 018 ПТР-тест тапсырылды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 1,5 есе көп.
Ауылдық елді мекендерде де КВИ-ді тіркеліп жатыр. Атап айтқанда, Аққулы ауданында бір апта ішінде COVID-19 жұқтырған 13 адам тіркелді. Сондықтан жергілікті билік аудан орталығына кіріп-шығуды шектеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, кейбір мектептерді қашықтан оқытуға ауыстырды. Қоронавирустың анықталуына байланысты Успен ауданында да шектеу шаралары қолға алынды.
Әбілқайыр Сқақов тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында КВИ-ге қатысты сақтықты арттыру қажеттігін атап өтті.
- Қосымша шектеу шаралары енгізілгелі екі апта болды, бірақ жағдай айтарлықтай жақсармай келеді. Коронавирусқа қарсы тұру үшін барлық жағдай жасалған, қажетті ресурстар бар. Дегенмен, инфекцияға қатысты сақтық әлі де тиісті деңгейде емес. Сіздер адамдар көп жиналатын жерлерде санэпидрежимнің сақталуын қамтамасыз етуге тікелей жауаптысыздар, - деп облыс басшысы өңір басшысы әкімдер мен медициналық ұйымдардың басшыларына жауапкершілік туралы еске салды.
Облыс әкімі КВИ-дің анықталу фактілеріне байланысты эпидемиологиялық тексерулердің уақытында әрі сапалы жүргізілуіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото түсірген Валерий Бугаев