«Өз учаскеңді тап»: Павлодар облысында сайлау учаскесін іздеу қызметі іске қосылды

«Өз учаскеңді тап»: Павлодар облысында сайлау учаскесін іздеу қызметі іске қосылды

Өз сайлау учаскеңізді Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтынан таба аласыз. Ол үшін өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) көрсетсеңіз жеткілікті.

 

2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы қарсаңында арнайы сервис іске қосылды. Павлодар облысының сайлау құқығы бар кез келген тұрғыны қай учаскеге жататынын біле алады. Ол үшін сізге мынаны білу қажет:

 

1. Павлодар облысы әкімдігінің сайтында «Сайлаушылар тізімдерінен өзіңді тексер» бөліміне немесе https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/pavlodar-iin-service?lang=kk

сілтемесі бойынша өтіңіз;

2. ЖСН-іңізді енгізіңіз.

 

Жүйе сайлау учаскесінің орналасқан жерін (балабақша, кітапхана немесе басқа объект) және оның мекенжайын көрсетеді.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі