Облыс әкімдігінде жылу беру маусымын аяқтау және жөндеу науқанын өткізу мәселелері қаралды

Облыс әкімдігінде жылу беру маусымын аяқтау және жөндеу науқанын өткізу мәселелері қаралды

2026 жылғы 20 сәуірден бастап Павлодар облысында жылу беру маусымы ресми түрде аяқталады. Осы кезеңде 16 энергетикалық блок, 22 қазандық және 14 турбина жұмыс істеді, ал 11 қазандық пен 2 турбина резервте болды.

Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін бірден келесі маусымға дайындық жұмыстары басталады. Биыл негізгі жабдықтың 41 бірлігін жөндеу жоспарланған: 9 энергетикалық блок, 24 қазандық, 6 турбина және 2 түтін мұржасы. Бүгінде 8 бірлік бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ 37,4 км жылу желілерін жөндеу көзделіп отыр.

20-30 сәуір аралығында облыстың үш қаласында гидравликалық сынақтар өткізіледі.

Жылу желілерінде ақау анықталмаған тұрғын үйлерге ыстық су сынақтар аяқталғаннан кейін бірден беріледі.

Ал ақау анықталған үйлерде ыстық су жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады.

Ыстық суды қосу мерзімдері көрсетілген мекенжайлар тізімі 2026 жылғы 5 мамырға дейін үш қалалық әкімдіктің ресми ресурстарында жарияланады.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев