
Павлодар облысында «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық акциясы аясында қоршаған ортаның жай-күйіне халықтың жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды «Таза аула» экологиялық акциясы өткізілді.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында тұрғындардың белсенді қатысуымен экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Акция барысында аула аумақтарын санитарлық тазалау, қоғамдық орындарды жинау, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараларға барлығы 80 мыңнан астам адам және шамамен 20 мың ұйым қатысты. 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Акция аясында 10 мың түп көшет отырғызылып, 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
«Таза аула» акциясы экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.