
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2026 жылы өткізуі басталғанын хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (шағын, орта және ірі) қатыса алады.
Мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
3) «Үздік ұжымдық шарт»;
4) «Экологияға қосқан үлесi үшiн»;
5) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлыгы.
Ағымдағы жылы конкурсқа қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz сайты арқылы қабылданады.
Қолданыстағы сұрақтар бойынша 32-40-41 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.