Облыс әкімі Асайын Байхановтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Облыс әкімі Асайын Байхановтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді ұлы да ұлық, шуағы мол, тіршіліктің түлейтін, үміт пен бірліктің айшықты мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелден Наурыз - адам мен табиғаттың үндестігін паш еткен кезең. Бұл күндері жұрт бір-бірімен қауышып, ренішті ұмытып, қол ұшын созып, ізгілікті ту еткен. Осындай тағылымды дәстүрлер Наурыздың терең философиясын айқындайды, ынтымақтың қадірін ұқтырады.

Біз қасиетті өлкеде өмір сүріп келеміз. Сары дала бізді төзімділікке баулыса, Ертіс өзені сабыр мен байсалдылыққа үйретеді. Ал Баянауылдың асқақ та айбынды таулары рухтың беріктігін дәріптейді. Осындай шежірелі өңірдің ең қымбат қазынасы - өздеріңіз, оның еңбекқор да дархан халқы.

Мен осы өлкеде туып-өскенімді мақтан тұтамын және туған жеріме, оның халқына адал қызмет етуге әрдайым дайынмын. Өңіріміздің дамуына бағытталған маңызды бастамаларды қолдап, ел өміріне белсене атсалысып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Әрқайсыңызға зор денсаулық, бақ-береке мен бақыт тілеймін!

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!