
Өңір басшысы футболшылар мен бапкерлерді 7 наурызда басталатын еліміздің басты футбол турнирі қарсаңында жылы лебізімен құттықтады. Облыс әкімі Премьер-лигада өнер көрсету команданың өзі үшін де, жанкүйерлері үшін де көптен күткен әрі маңызды оқиға болатынын атап өтті.
- Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының элиталық дивизионға қайта оралғанына шын жүректен қуаныштымын. Бұл мақсатқа жету ұзақ әрі күрделі болды, сондай-ақ орасан күш-жігер мен ортақ нәтижеге деген сенімді талап етті. Бұл кезең аты аңызға айналған клубымыз тарихындағы жаңа даңқты белестің бастауы болсын. Мен сияқты жерлестеріміз де сүйікті командасына шынайы қолдау көрсетіп, оның жеңісіне сенетін болады, - деді өңір басшысы.
Павлодарлық «Ертіс» клубты чемпионаттан шығаруға алып келген 2020 жылғы ауқымды қаржылық дағдарысты еңсере алды. Соңғы екі жылда қайта ұйымдастыру бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыс атқарылды. Облыс әкімдігінің қолдауының, демеушілер мен адал жанкүйерлерінің арқасында клуб барлық қарыздарын толық өтеді. Команда Екінші лигадан жоғары дивизионға дейінгі күрделі кезеңнен өтті.
Кездесу барысында тарихи оқиғаға да ерекше назар аударылды: алғаш рет кәсіби әйелдер командасы құрылды. Бұл қадам өңірдегі футболды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, талантты спортшы қыздарға қолдау көрсетуге жағдай жасайды.
Кездесу соңында өңір басшысы алдағы маусымға қатысты ойыншылар мен жаттықтырушылар штабына маңызды міндеттер жүктеді. Команда Кубок үшін күресіп, турнирлік кестеде мүмкіндігінше жоғары орынға ие болуы тиіс.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев