Павлодар облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты қайдан біле алады?

Павлодар облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты қайдан біле алады?

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Сіз өзіңіздің референдум учаскеңіз туралы ақпаратты келесі тәсілдер арқылы ала аласыз:

- PVLSailau_bot телеграм-ботындағы сайлау учаскесін іздеу қызметі арқылы;

- 2GIS қосымшасы арқылы:
1) іздеу жолағына «сайлау учаскелері» деп жазсаңыз, картадан елді мекеніңіздегі барлық сайлау учаскелерін көре аласыз;
2) кез келген тұрғын үйді басу арқылы «қызметтер» бөлімінен осы үй бекітілген сайлау учаскесіне сілтемені көре аласыз.

Павлодар облысының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырамыз!