Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

2026 жылғы 4 наурыз күні сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары Павлодар қаласы, Ген. Дүйсенов көшесі, 80 мекен-жайы бойынша орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.

Өңір тұрғындары келіп, сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салаларда ұсыныстарын енгізе алады.

Әкімдіктің басқармаларымен бірге Полиция, Әділет, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменттері, «Павлодар-Водоканал» ЖШС, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, Еңбек мобильдігі орталығының мамандарынан кеңес ала аласыздар.

Сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.