
Ардақты жерлестер!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ай – жанымызды тазартып, жүрегімізге иман мен мейірім нұрын құятын, сабыр мен қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелейтін қасиетті кезең. Рамазан бізге мұқтаж жандарға назар аударуды, оларға шын ниетпен, риясыз қол ұшын созуды үйретеді.
Әр ұсталған ораза, әр жасалған дұға мен игі істеріңіз Алла Тағаланың нұрына бөленсін, ниеттеріңіз қабыл болып, сауаптарыңыз еселене берсін. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, мол бақыт пен береке, барлық ізгі тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!
Қасиетті айдың әр күні әр шаңыраққа тыныштық пен шаттық әкелсін, әр жүрекке қуаныш пен үміт сыйласын.
Рамазан айы құтты болсын!