
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Сағын Төлеутаев алдағы маусымның негізгі параметрлері мен жаңашылдықтары туралы баяндады.
2026 жылдың басты ерекшелігі: жұмыстар көлемінің айтарлықтай ұлғаюы және биологиялық әдістің күшейтілуі.
Әуеден өңделетін алқаптың көлемі 172 мың гектарға дейін жеткізіледі. Өзен арқылы өңдеу көлемі 52%-ға ұлғайды. Биологиялық препараттар көлемі 51%-ға артты. Баруға қиындық туғызатын учаскелерді өңдеу үшін қосымша дрондар қолданылатын болады.
Бүгінгі таңда басқармамен мемлекеттік сатып алулар аяқталып, мердігер ұйым анықталды және қызмет көрсету бойынша үшжылдық келісім-шартқа қол қойылды. Бұл өз кезегінде жұмыстың жүйелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаржыландыру көлемі жылына 4,5 млрд теңгені құрайды.
2026 жылы дезинсекциялық шаралар 67 елді мекенді, Павлодар қаласын және облыстың алты ауданын қамтитын болады.
Сонымен қатар, 3200 км астам Ертіс өзені мен арналарын өңдеу жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға артық.
Мердігер ұйым тапсырмаларды орындау үшін 200 бірліктен астам арнайы техника мен құрал-жабдықты және 200-ге жуық мамандарды жұмылдырады.
Дезинсекция жұмыстары үш кезеңде жүргізіледі. I кезең: шыбын-шіркей дернәсілдеріне қарсы әуеден өңдеу.
Жұмыстар аудандарға бөлінген 10 бірлік АН-2 ұшақтарымен жүргізіледі. Барлығы 448 рет ұшу жоспарланып, 93 мың кг биологиялық препарат қолдану көзделіп отыр.
Әуеден өңдеу мүмкін болмайтын жерлер жаяу өңделеді, сондай-ақ таяз суларды өңдеу үшін екі ұшқышсыз ұшатын дрон қолданылатын болады.
II кезең: шыбын-шіркей дернәсілдерін өзен арқылы өңдеу. 2026 жылы 3200 км астам Ертіс өзені мен арналары өңделеді, оның ішінде негізгі арнасы 1800 км (10 құю нүктесі арқылы үш рет өңделеді), 1400 км - аудан орталықтары мен Павлодар, Ақсу қалаларының маңындағы жергілікті учаскелер. Май және Железин аудандарындағы арналарға ерекше назар аударылады.
Өзен арқылы өңдеуге арналған биологиялық препараттың көлемі 137,1 мың кг дейін ұлғайды және бұл 2025 жылмен салыстырғанда 51%-ға артық.
III кезең: қанаттанған шыбын-шіркейге қарсы тосқауылдық өңдеу. Тосқауылдық өңдеулер 67 елді мекенді, соның ішінде теміржол көпірінен Усолка бөгетіне дейін Павлодардың орталық жағалауын және шаңғы базасын қамтиды.
Жұмыстарға шамамен 200 маман, 150 бүріккіш аппарат, 8 өндірістік түтін генераторы, 16 ыстық тұман генераторы және 4 аэрозольді реттелетін дисперсия генераторы қолданылады.
Қолданылатын барлық препараттар көпкомпонентті және шыбын-шіркейлер үшін төзімділікті тудырмайды. Препараттар Павлодардағы арнайы қоймаға наурыз айының үшінші онкүндігінде жеткізіледі.
Оңтайлы ауа-райы орнағаннан кейін ғылыми қызметкерлер бекітіліп, мониторинг жүргізу нүктелері айқындалатын болады. Өңдеу жұмыстарын бастау үшін тиімді мерзімді анықтау үшін қоршаған ортаның және су объектілерінің температуралық режимі тұрақты бақылауда болады.
Ертіс өзені бойынша гидрологиялық болжамды «Қазгидромет» РМК наурыз айының бірінші жартысында ұсынады. Су қоймаларының жұмыс режимі мен табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мерзімдері 2026 жылдың сәуір айының бірінші жартысында өтетін ведомствоаралық комиссияның отырысында анықталады.
Жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Павлодар қаласының әкіміне үшжылдық келісім-шартты жақын арада рәсімдеу, көпқабатты үйлердің жертөлелерін және су қоймаларын өңдеу кестесін жасау, сонымен қатар жұмыстар сапасына жеке жауапкершілік белгілеу тапсырылды.
2025 жылы жоспар бойынша 12 тұрғын үйдің жертөлесі өңделу керек болса, іс жүзінде 57 үй өңделді - жұмыстар нақты қажеттілікке сәйкес жүргізілуі қажет.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына қалалар мен аудан әкімдіктерімен бірлесіп бақылау және үйлестіру жұмыстарын күшейту, әуеден және тосқауылдық өңдеу жұмыстарына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.
Қалалар мен аудан әкімдіктеріне үйлестірушімен жұмыс істейтін жауапты мамандарды бекіту, жергілікті жерлерде өңдеу жұмыстарын бақылау және су басатын жертөлелерге тексеріс жүргізу тапсырылды.
Қорытындылай келе, Асайын Байханов дезинсекциялық шаралар уақытылы және жүйелі түрде басталуы тиіс екенін атап өтті.
Өңір басшысы өткен жылдардағыдай, жұмыстың тиімділігінің басты талабы - шыбын-шіркей санының азаюы және тұрғындар үшін нақты нәтиже екенін атап өтті. Жұмыстың тиімділігі 80% қамтамасыз етілмеген жағдайда, мердігерге қаражат төленбейді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев