
Павлодар қаласында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдастыруымен «Таза Ел – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесу форматы ашық диалог алаңы ретінде ұйымдастырылып, қатысушылар экология саласындағы идеяларымен, тәжірибелерімен және бастамаларымен бөлісті. Іс-шара барысында №36 мектеп оқушыларының шығармашылық және экологиялық жұмыстарының көрмесі ұсынылып, онда жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген көзқарасы көрсетілді.
Кездесудің негізгі оқиғасы оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою, сондай-ақ білім беру ұйымдарының базасында «Жасыл Ел» аймақтық штабтарының ашылуы болды. Бұл экологиялық волонтерлікті дамыту және жастарды нақты экологиялық жобаларға тарту бойынша жүйелі әрі ұзақ мерзімді жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары, «Павлодар қаласының электроника және коммуникациялар жоғары колледжінің» және «Павлодар монтаж колледжінің» студенттері жыл бойы «Жасыл Ел» штабының қолдауымен жүзеге асырған өз бастамалары мен жобаларын таныстырды.
Сондай-ақ қатысушыларға жастар арасында экологиялық мәдениетті интерактивтер, ойындар және заманауи білім беру форматтары арқылы қалыптастыруға бағытталған «Jasyl school» жобасы таныстырылды.
Іс-шара экологиялық жауапты қоғам қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болып, табиғатты қорғау — әрбір азаматтың ортақ ісі әрі жауапкершілігі екенін көрсетті.
Толық ақпаратты @jasylel_pvl әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және 87002945464 телефоны арқылы алуға болады (Краскова Арина — Павлодар қалалық «Жасыл Ел» штабының командирі).