Алғаш рет Павлодар облысында жер телімдері электрондық саудаға шығарылды

Алғаш рет Павлодар облысында жер телімдері электрондық саудаға шығарылды

Павлодар облысында жер телімдері www.gosreestr.kz порталында электрондық саудаға қойылды. Осы күні онлайн-сауда Павлодар, Железин, Успен аудандары мен Екібастұз қаласының жер қатынастары бөлімдерінде жүргізілді. Нәтижесінде 20 тамыздан бастап жалпы ауданы 35 гектардан асатын 6 жер учаскесі пайдалануға берілді. Олардың барлығы кәсіпкерлік қызмет жүргізуге – негізінен дүкендерқоймалар және басқа да коммерциялық нысандар салуға арналған. 

 

Электрондық сауда-саттық қатысушыларға  жер телімдерін алу үшін тең мүмкіндік береді. Портал арқылы онлайн-төлем жасап, кепілдік жарнаны қайтаруға болады, сонымен қатар операциялық шығындардың мейлінше аз болуын қамтамасыз етіп, адами факторды болдырмай, жеңімпазды автоматты түрде анықтайды. 

 

Аукциондар өткізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін олар туралы анонстар сауда-саттық өткізілгенге дейін  15 (күнтізбелік) күн бұрын БАҚ-та, жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, мемлекеттік мүлік порталында, сондай-ақ Facebook пен Instagram-да жарияланады. Ол жерде электронды аукционға қатысу және тіркелу туралы толық ақпарат бар. 

 

 

Жер учаскелерін беруге қатысты шараларды өткізу кезіндегі ашықтықты арттыру  Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы қызметінің негізгі міндеттерінің біріБасқармада өңірдегі қалалық, аудандық әкімдіктермен бірлесіпазаматтар үшін жер учаскелерін алу кезіндегі кедергілерді азайту жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.  

 

 

Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы