Павлодар облысында қосымша карантин шаралары енгізіледі

Павлодар облысында қосымша карантин шаралары енгізіледі

 

27 қазанда облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Жаңа қаулы карантин шараларын қосымша күшейтуді көздейді. Атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күндері жұмыс кестесі бір сағатқа қысқарды - 9-дан 17 сағатқа дейін. Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ филиалдарының жұмысы қысқарды - жұмыс күндері 9-дан 18-ге дейін, сенбіде 9-дан 14-ке дейін, жексенбі - демалыс күні.

 

Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық кампаниялар, басқа ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері, қызметкерлердің кем дегенде 70% қашықтықтағы жұмыс түріне (штат саны 30-дан асатын) көшуі керек.

 

«Сонымен бірге жаңа қаулыда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұрынғыдай қоғамдық көліктер (трамвайлар, автобустар, шағын автобустар) жексенбіде жүрмейді. Аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді. Бұл тізімге  тек тамақ өнімдерін сататын нысандар мен оларда орналасқан дәріханалар бар нысандар ғана кірмейді», - делінген жаңа қаулыда.

 

Әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық спортпен айналысатын адамдарды, бес жасқа дейінгі балаларды   қоспағанда, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде (таксилерді қоса алғанда) тұрғындар медициналық немесе шүберек маскаларын тағуға міндетті. 

 

Жаңа ереже 27 қазан сағат 00: 00-ден бастап күшіне енеді.

 

Фото авторы Константин Шелков