Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Қазбек Арантаев тағайындалды.

Қазбек Оразұлы 1979 жылы туған, жоғары білімді. 2001 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған.

2005 жылдан 2023 жылға дейін құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2023-2024 жылдары Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы болып еңбек етті.

2024 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев