
Жұмыс сапары барысында өңір басшысы аудан тұрғындарымен тұрақты есептік кездесу өткізіп, сондай-ақ Шарбақты ауылында үш тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. Жаңа баспаналар көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілді.
Асайын Байханов қоныс иелерін көптен күткен баспанаға қол жеткізулерімен шын жүректен құттықтап, сабырлық танытып, сенім білдіргендері үшін алғысын білдірді.
- Ауылдарда жаңа тұрғын үйлер салу - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Павлодар облысында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың бір бөлігі. Шарбақты ауданында кезекте тұрған 108 азаматқа көптен күткен баспананың кілтін табыстағаныма өте қуаныштымын. Тұрғындарымызды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысымызды әрі қарай да жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.
Мерекелік шараға ауданның қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер де қатысты.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев