
Талқылау барысында өңір басшысы Асайын Байханов жобаларға жан-жақты қолдау көрсету мен ағымдағы мәселелерді жедел шешудің маңыздылығын атап өтті.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков жалпы құны 54,9 млрд теңгені құрайтын және шамамен 500 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін бес негізгі жоба туралы баяндады. Талқыланған жобалардың арасында туризм мен ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға бағытталған жобалар, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы бар.
Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі мемлекеттік органдарға инвесторлармен белсенді өзара қарым-қатынасты жалғастырып, жоспарланған барлық жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев