
Жиында ауылдарды дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы ауылдардың дамуы әкімдердің бастамашылдығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Әкімдерді тікелей сайлау институтының тиімділігіне ерекше назар аударылды: еліміз бойынша 2334 ауылдық округ әкімі сайланған, ал әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша тұрғындардың 84%-ы өз әкімдеріне сенім білдіреді.
«Ауыл — өркениетіміздің алтын бесігі. Ауыл әкімдері білікті мамандар болуы тиіс. Әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігі де күшеюі керек», — деді Президент.
Диалог-платформада алдағы үш жылға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасы талқыланды.
Павлодар облысынан өңір әкімі Асайын Байхановтың бастауымен 94 ауыл әкімі қатысты. Диалог-платформа алаңында орталық ведомстволардың басшыларымен кездесулер өтті. Форум жергілікті биліктің тиімділігін арттыру мен жүйелі өзгерістердің бастауы болды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттер Ақ Орда сайтынан