
Бұл мерейтой телеарна ұжымы мен өңірдің барлық медиа саласы үшін маңызды оқиға болды. Телеарна алпыс жыл бойы алғашқы ақ-қара түсті эфирлерден бастап қазіргі таңдағы жаһандық технология тетігін меңгеріп, цифрлық хабар тарату деңгейінде ақпараттық өнімдерін ұсынып келеді.
- Ондаған жылдар бойы «ERTIS» біздің өңіріміздің үні болып келеді және солай болып қала береді. Сіздерді барлығы біледі, сіздерге сенеді, объективті ақпарат күтеді, ал сіздер бұл міндетті абыроймен атқарып келесіздер, – деп атап өтті өңір басшысы.
Өңірлік телеарнаны дамытуға қосқан көпжылдық еңбегі үшін арна қызметкерлері мен ардагерлері облыс әкімінің, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Қазақстан» республикалық телекомпаниясы» АҚ-ның Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Ардагерлер Зара Альшагирова мен Людмила Баюшева «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталып, Социал Айтеновке «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Шеф-редактор Мұрат Әбілмәжіт пен режиссер Әйгерім Маденова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев