Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданының Төсағаш ауылына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданының Төсағаш ауылына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті

Кездесу барысында талқыланған басты мәселе - жаңа мектептің құрылысы болды. Қазіргі уақытта 65 бала білім алып жатқан оқу орны 1982 жылы салынған бейімделген ғимаратта орналасқан және айтарлықтай тозығы жеткен.

Кездесу барысында облыс әкімі тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесудің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға облыстық құрылыс басқармасымен бірлесіп, қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сәйкес келетін заманауи мектептің жобасын әзірлеу тапсырылды. Сонымен қатар жер телімін таңдау және рәсімдеу жұмыстары қатар басталатын болады.

Жаңа мектептің құрылысы ауыл халқының және қажетті оқушылар санының өсімі оң динамиканы көрсеткен жағдайда, барлық дайындық шаралары аяқталғаннан кейін 2026 жылдың күзінде басталады деп жоспарлануда.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев