Өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына барып, оның жұмысымен танысты

Өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына барып, оның жұмысымен танысты

Орталықтың тарихы 12 жылдан асады және осы уақыт ішінде павлодарлық мамандар тек Қазақстан тұрғындарына ғана емес, басқа елдерден ем іздеп келген жандарға да көмек көрсетіп, мыңдаған бірегей және күрделі оталар жасады. Тек 2025 жылдың 10 айында мұнда 2000-нан астам ота жасалды және оның 600-ден астамы ашық жүрекке жасалды.

Бүгінде орталық құрамында кардиохирургия және кардиология клиникалары, сондай-ақ қалпына келтіру және оңалту бөлімшесі жұмыс істейді. Мекемеде 630-дан астам дәрігер, сондай-ақ орта және кіші буындағы медициналық қызметкерлер еңбек етеді.

Асайын Байханов бөлімшелердің жұмысымен танысып, ұжыммен кездесу өткізіп, орталықтың одан әрі дамуының негізгі мәселелерін талқылады. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту қажет екендігі атап өтілді. Компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтар, рентген қондырғысы, УДЗ аппараттары, бронховидеоскоп және электрокардиограф сияқты құрылғылар айтарлықтай тозған.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі материалдық-техникалық базаны жаңарту мәселелерін, соның ішінде лизинг жүйесі арқылы «ауыр» медициналық жабдықтарды сатып алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев