Меню
Страницы
Контакты
Деятельность
Аппарат акима
Пресс-центр
Документы
Пресс-центр
Аппарат акима
Деятельность
Документы
Контакты
gov@nitec.kz

Бұлтты майнинг, суару, мысты қайта өңдеу: Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың ауылдық аймағына барды

Бұлтты майнинг, суару, мысты қайта өңдеу: Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың ауылдық аймағына барды

Павлодар облысының әкімі жұмыс сапары барысында бүкіл әлемге бұлтты қызмет көрсетіп отырған  дата-орталықта болды, суару жүйесін орнатып жатқан шаруалармен кездесіп, мыс өндіру және өңдеу кәсіпорындарының басшыларымен сөйлесті. 

 

Екібастұзға кіреберісте өңір басшысы «BTC KZ» ЖШС алаңына барды. Компанияның дата-орталығы Нұржанов атындағы ГРЭС-1 электрэнергиясы арқылы жұмыс істейді. Компания бұлтты майнинг қызметін әлем бойынша 3 мыңға жуық клиентке көрсетеді.

 

- Бүгінде біздің кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді, олардың 60-ы 20-25 жас аралығындағы жергілікті жігіттер. Біз оларды есептеу техникасын жинақтау технологиясы мамандығы бойынша оқыттық, енді дата-орталықтың жұмысын өздері басқарып отыр,- деді «BTC KZ» ЖШС өкілі Дін-Мұхаммед Мәткенов.

 

Компания Екібастұздың үш алаңында орналасқан, ең ірісі – Солнечный  кентіндегісі. Әбілқайыр Сқақов осындай энергияны көп талап ететін кәсіпорындарды бір жерге жинайтын арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.  Облыс басшысы оның аясында АЭА резиденттері үшін салық жеңілдіктерін енгізіп, сол арқылы компаниялардың шығындарын өтеуге және олардың қызметтерін бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік беруге болатынын және осы ұсынысты республикалық деңгейде қарауға жолдайтынын айтты.

 

Облыс әкімі Шідерті кентінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды абаттандыру барысымен танысты. Биылғы жылы 3 мыңнан астам адам тұратын ауылда 4,2 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар, мұнда 8 шақырымға жуық жылу желілері жаңартылды.

 

Шідерті тұрғындары Әбілқайыр Сқақовқа кентте әлі де жылу жүйесіне қосылмаған үйлер бар екенін жеткізді. Осы ауылға жауапты Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев бұл мәселені қазіргі жылу желілерін қайта жөндеу кезінде міндетті түрде шешетінін айтты.

 

Облыс басшысы Әлкей Марғұлан ауылының маңында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша салынып жатқан 800 гектар алқапты суаруға арналған құбыр құрылысын тексерді. Желілерді «Көктөбе» шаруа қожалығы пайдаланатын болады. Облыс әкімі мұндай мүмкіндіктің тиімді пайдаланылуын талап етті. Ол үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз міндеттемелерін лайықты деңгейде орындауға дайын болуы тиіс.

 

- Келесі жылы біз 200 гектар жерді суара бастаймыз. Біз суару жүйесін барынша пайдаланамыз. Қожалық мал шаруашылығымен айналысатындықтан, бірінші кезекте жем-шөп дақылдарын отырғызып, бір маусымда 2-3 рет өнім алуға тырысамыз. Жем-шөп қорын нығайтып алсақ, біз осы күні бағып отырған 700 бас малды одар әрі көбейтіп, бордақылау алаңы мен сүт өнімдері фермасын салуды жоспарлап отырмыз, - деп алдағы үш жылға арналған жоспарымен бөлісті «Көктөбе» ШҚ басшысы Жанат Ыбыраев.

 

Өңір басшысы әлемде игерілмеген ірі кен орындарының бірі саналатын «Бозшакөл» тау-кен байыту комбинатының аумағында да болды. «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС басшысы Сергей Леумен бірге әкім өндірістік алаңдар мен әкімшілік-тұрмыстық корпустарды аралап шықты. Мұнда орнатылған «ақылды» өндіріс жүйесі технологиялық процесті автоматтандыруға және жұмыскерлер санын 10 есе азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші жартыжылдықта комбинатта өндірілген мыстың көлемі 28%-ға өсті. Мұндай нәтижеге қол жеткізу өндіріс қуатының артуы мен кен құрамындағы металдың көбеюіне байланысты болып отыр. Кәсіпорында шамамен 1,5 мың маман жұмыс жасайды. Мұнда олар үшін барлық жағдай жасалған, қажетті тұрмыстық заттар сататын дүкен, шығармашылықпен айналысатын алаң, тіпті футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған жабық спорт кешені салынды.

 

Әбілқайыр Сқақовқа басқа да тау-кен кәсіпорындарының жетістіктері мен жоспарларымен танысты. Мыс сульфидті кен өндіретін және байытатын «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС өткен жылы өндіріс қуатын толық пайдалануға мүмкіндік алып, 500 мың тоннадан астам кен өндірді. Биыл да мұнда молынан шикізат өндіру жоспарланған. Кеннің қоры кәсіпорынның 2022 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта компания жақын маңдағы кен орындарын барлау жұмыстарын қолға алды.

 

Көршілес кәсіпорын – «Eurasia Copper Operating» ЖШС облыс басшысына катодты мыс өндірісінің ахуалы туралы айтты. Бүгінде компания өз өнімін Германия, Түркия және Оңтүстік Кореяға экспорттайды. 2021 жылдың соңына дейін компания қуаттылығын 3 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Кәсіпорын жаңа кен орындарын барлауды және өндірісті жаңғыртуды жоспарлап отыр.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Валерий Бугаев

Дата публикации
15 октября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК