
Аппараттық кеңесте облыс әкімі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының уақытша басшысы лауазымына бұрын Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Ардақ Райымбековті, сондай-ақ ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Ернұр Дәуеновті тағайындады. Жаңа ведомствоға білім беру басқармасынан келді, біраз уақыт аталған басқарма басшысының міндетін атқарған.

Бұдан басқа, аймақ басшысы құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын екі тәуелсіз органға бөлінетіндігі туралы атап өтті. Тек құрылыс мәселелері бойынша жетекшілік ететін басқармаға Рүстем Раисов тағайындалды. Бұған дейін ол жойылған мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарған. Ал екінші жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Қанат Кашкиров тағайындалды, осы уақытқа дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарған.

Сонымен қатар Болат Бақауов облыс қаржы басқармасының басшысы Ильдар Хасеновтың Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметіне ауысатындығын мәлімдеді. Аймақ басшысы Ильдар Хасеновке атқарған жұмысы мен облысты дамытудағы үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
