Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз маңындағы Атығай ауылына барып, салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс барысын тексерді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз маңындағы Атығай ауылына барып, салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс барысын тексерді

Бұл сапар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен ауылдық жерлерде балалардың білім алуына заманауи жағдай жасауға бағытталған ауқымды бастаманың жалғасы болды.

Қазіргі уақытта Атығай орта мектебінің 124 оқушысы ескі, бейімделген ғимаратта оқуға мәжбүр. Мектепте спорт және мәжіліс залдары жоқ. Кабинеттердің жетіспеушілігінен үйірмелер мен спорттық секцияларды ұйымдастыру мүмкін болмай отыр, ал мектеп асханасы оқу кабинеттерінің бірінде орналасқан.

2023 жылы Атығай ауылына сапары барысында облыс әкімі балалардың қандай қолайсыз жағдайда білім алып жатқанын көріп, жаңа мектеп салу жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Заманауи ғимараттың қажеттілігі халық санының өсуімен де байланысты: соңғы үш жылда ауылдағы мектепке дейінгі жастағы балалар саны 40-тан 61-ге артқан, ал мектеп оқушыларының саны 120 шамасында тұрақты тұр.

120 орындық жаңа мектептің құрылысы KAZ Minerals Bozshakol компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Компания жобаға шамамен 1,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салды. Бүгінгі таңда нысанның құрылысы шамамен 90%-ға орындалды. Ғимараттың құрылысын және мектептің аумағын абаттандыру жұмыстарын 2026 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен кестесінің қатаң сақталуын тапсырды. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен ескі мектеп ғимараты балабақша ретінде қайта бейімделетін болады. Бұл ауылдағы мектепке дейінгі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев