Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды

20 қыркүйектен бастап ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі басталды. Интервьюерлер барлық елді мекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды. Облыс бойынша жалпы саны шамамен 40 мың үй шаруашылығын қамту жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады.

Интервьюерлер үйлерді аралап, деректерді планшет арқылы жинайды. Баршаңызды шараға белсенді қатысуға және өзекті ақпарат беруге шақырамыз.

Үй-үйді аралау жұмысына 73 интервьюер жұмылдырылады. Олар айрықша көк түсті формада – жилет пен бейсболкада болады, бейджде жеке басын растауға арналған QR-код орналасады. Егер үй иелері үйінде болмаса, интервьюер байланыс нөмірі көрсетілген хабарландыру қалдырады.

Ұлттық статистика бюросы ақпараттың қауіпсіздігі мен құпия сақталуына кепілдік береді. Барлық жауап заңмен қорғалады, ал деректер тек жалпыланған түрде қолданылады. Сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның байланыс орталығына 1446 нөмірі арқылы хабарласуға болады (жұмыс уақыты 9.00–21.00, қоңырау шалу – тегін).

1 тамызда басталған Ауыл шаруашылығы санағы, 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған деректер салаға қатысты мәліметтерді жаңартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шешімдер қабылдауға негіз болады.