Асайын Байханов Ақсу қаласының инфрақұрылымын жаңғырту қарқынын жылдамдатуды және жылу беру маусымының сапалы басталуын қамтамасыз етуді тапсырды

Асайын Байханов Ақсу қаласының инфрақұрылымын жаңғырту қарқынын жылдамдатуды және жылу беру маусымының сапалы басталуын қамтамасыз етуді тапсырды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды. Сапар барысында өңір басшысы жол жобаларының іске асырылуын, жылу беру маусымының басталуын, жолаушылар тасымалының жағдайын және қалалық инфрақұрылымның негізгі нысандарын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.

Өңір басшысы жол жұмыстарының барысын, атап айтқанда жөндеуден өткен «Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытының кіреберіс жолын тексерді. Құны 375 млн теңге болатын жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылды. Бұл ретте Асайын Байханов мердігерлерге қойылатын басты талап - жол жабынының жоғары сапасы екенін ерекше атап өтті.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында қалада 38 мың шаршы метр жол мен 4 мың шаршы метрден астам жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру жоспарлануда. Бүгінде Пушкин, Абай, Набережная сияқты бірқатар көшелерде жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, Черемушка шағын ауданында алғаш рет 4 көшеге асфальт төселді, келесі жылы шағын ауданның тағы 6 көшесіне асфальт төсеу жоспарлануда.

Асайын Байханов бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына ерекше назар аударды. Асфальт төсеу және жөндеу жұмыстарының барлығы қазан айының ортасына дейін аяқталуы керек. Сондай-ақ, шағын аудандардағы асфальт төселмеген көшелер мәселесін толығымен жабу үшін 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеуді, бұл ретте Павлодар мен Екібастұздағы сияқты сапа стандартын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сапар барысында әкім Черемушка шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Әкімнен жолдарға асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыруды және жасанды жол кедергілерін, жарықтандыру мен камералар, балалар ойын алаңын орнатуды, сондай-ақ магистральдық желінің құдығынан едәуір алыс орналасқан бірнеше үйге су құбырын тартуды сұрады.

Сонымен қатар, өңір басшысы Ақсу ауылдық аймағындағы егін жинау науқанының барысымен танысып, «Агродогистик» ЖШС-нің егіс алқаптарында және көкөніс қоймасында болды.
Өнім 24,9 мың га алқапта жиналуда, оның ішінде дәнді дақылдар - 8,6 мың га, көкөністер - 1,5 мың га, картоп - 7,5 мың га, майлы дақылдар - 5,5 мың га, жемшөп - 1,8 мың га. Өнімнің жалпы көлемінің 40% жиналды. Жұмыстарға 320-дан астам техника жұмылдырылған.

Сапар барысындағы келесі нысан Ақсу қаласының теміржол вокзалы болды. Бүгінгі таңда оны қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Құны 257,4 млн теңге болатын жоба облыстық бюджет есебінен іске асырылуда. Мұнда перрон алаңын абаттандыру, платформаны жаңғырту, халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін вокзалды бейімдеу, бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстары қарастырылған. Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыс әкімі ERG-мен жасалған меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан қалалық саябақты реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінгі таңда құны 1,2 млрд теңге болатын екі жылдық жобаның 40%-ы орындалған.
Өңір басшысы барлық жұмыстарды сапалы және мерзімінде орындап, жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Жылу беру маусымы: ақаулардың алдын алу маңызды

Одан кейін Асайын Байханов Ақсу қаласының әкімі және коммуналдық қызмет басшыларының қатысуымен жылу беру маусымы бойынша жиналыс өткізді.

Өңір басшысы 10 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарға және 20 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге уақытылы жылу беріліп жатқанын атап өтіп, сапалы жылумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

- Ешқандай кешігу болмауы керек. Көмір, қазандық жабдықтарын жөндеу, жүйелерді толтыру - бәрі бақылауда болуы қажет. Анықталған ақаулар жедел түрде жойылу керек, - деді әкім.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақсуға 11 мың тоннадан астам көмір жеткізілген. Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша анықталған барлық 52 ақау жойылды. АФЗ РОК-2 қазандығындағы №3, 4, 5 қазандықтарына орташа және ағымдағы жөндеу, ал №6 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді.

Қоғамдық көлік - жаңа автобустар мен нақты бағыттар.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша Ақсу қаласындағы жылжымалы құрам толық жаңартылады.

- Жолдар - бұл жұмыстың жартысы ғана. Егер көлік тұрақсыз, ескі әрі ыңғайсыз болса, адамдар жақсарған жолды сезбейді. Тасымалдаушылар нақты кестені қамтамасыз етуге, техниканы жаңартуға және кемшіліктерді жоюға міндетті, - деді облыс әкімі.

Бүгінгі таңда Ақсуға 3 қалалық бағытқа шығатын орта деңгейлі сыйымдылықтағы 4 жаңа автобус келді, қазан айының соңына дейін үлкен сыйымдылықтағы тағы 6 автобус жеткізу жоспарлануда.

Жолаушылар тасымалы мәселелеріне арналған жиналыста Асайын Байханов тұрғындардың көптеген шағымдарын атап өтті. Атап айтқанда, ГРЭС кентінің тұрғындары Павлодарға Ақсу арқылы қатынауға мәжбүр, өйткені облыс орталығына тікелей қатынайтын автобус жоқ.

Жиналыс қорытындысы бойынша Асайын Байханов халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қалалық автобус бағыттарының қозғалыс бағытын әзірлеуді, Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы сияқты автобус парктерінің жылжымалы құрамын жаңартуды жалғастыруды, жолаушылар тасымалының қозғалыс аралығына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Өңір басшысы облыс қалаларындағы өмір сүру сапасын жақсарту жолдар мен үйлердегі жылудан бастап қоғамдық көліктердегі жайлылық пен абаттандыруға дейінгі кешенді тәсілді талап ететінін атап өтті.
- Инфрақұрылым қағаз жүзінде емес, шынайы болуы қажет - бұл жолдар, жарықтандыру, жылу беру, көлік, қоғамдық аймақтар. Біздің міндетіміз - жоспарлау ғана емес, қажетті жұмыстарды мерзімінде және стандарттарға сәйкес орындау, - деп түйіндеді әкім.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев